Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 октября 2019 12:55

Жүрегімді елжіретті - экология министрі БҰҰ-да сөз сөйлеген Грета Тунберг туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі саммитінде экологиялық апат жайлы сөз сөйлеген Грета Тунбергке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы министр Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.


Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі саммитінде экологиялық апат жайлы сөз сөйлеген Грета Тунбергке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы министр Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

16 жастағы оқушы қыз әлем саясаткерлерінен экологиялық апаттың алдын алу үшін шара қолдануды талап еткен еді. 

"Бұл қызды көргенмін, БҰҰ саммитінде болды. Еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту мәселесі менің міндетім болғандықтан, оның айтқан сөздері жүрегімді елжіретті. Қыз көтеріп отырған проблема бізде бар және ол расында шешілуі керек. Бұл проблеманы шешудің жолы - жаңа әрі қолжетімді "жасыл" технологияларға көшу, ағаштар отырғызу", - дейді министр.

Пакеты, Темиртау и браконьеры. Первое интервью министра экологии

Сондай-ақ, Мырзағалиев сұхбатында Арал теңізінің проблемасын шешу жолдары, Қазақстандағы экологиялық жағдайы нашар қалалар, браконьерлік және тағы басқа сұрақтарға жауап берді.

"Экологиялық жағдайы нашар қалалардың тізімінде бірінші болып Теміртау тұр. Сондай-ақ, бұл тізімге Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалалары кірді. Теміртау, Өскемен және Қарағанды қалаларының қатты ластануына өнеркәсіптік кәсіпорындар себеп болса, Нұр-Сұлтан мен Алматының ластануына көлік және жеке секторлардың жылыту жүйесі себеп. Ал Ақтөбе мен Атырауда күкіртті сутек мәселесі шешілмей тұр", - деді министр сұхбатында.

Оқи отырыңыз:

Әлемді аузына қаратқан 16 жастағы қыз кім және оған қандай жауап берілді?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети