Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 августа 2019 16:34

Жүргенов атындағы өнер академиясын дәстүрлі әнші басқаратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақан Әбдуәлиевтің Вконтакте-парақшасынан Ақан Әбдуәлиевтің Вконтакте-парақшасынан

Дәстүрлі әнші Ақан Әбдуәлиев Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаевқа сілтеме жасап.


Дәстүрлі әнші Ақан Әбдуәлиев Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаевқа сілтеме жасап.

"Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ақан Әбдуәлиев Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды", - деп хабарлады министрлік өкілі.

Бұған дейін Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметінде Асхат Маемиров болған еді. Ол бұл қызметке 2018 жылдың 15 қарашасында тағайындалған болатын. 

Айта кетсек, Ақан Әбдуәлиев 1975 жылы туған. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын және Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке орындаушысы болып бастаған. Әр жылдары "Қазақконцерт" РМҚК-да аспапта жеке орындаушы, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі мен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, А. Жұбанов атындағы республикалық мектеп интернаты директорының орынбасары, директоры, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың маусым айында Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалған. Ал 2018 жылдан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети