29 июля 2021 13:00

Жыл басынан бері Қазақстанда 312 адам суға батып кетті

© Хабар 24

Жыл басынан бері Қазақстанда 312 адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері Қазақстанда 312 адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 214 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылған.

"312 адам суға кетті, оның ішінде 109 бала суға батып, қайтыс болды. Мұның себептері өз күшін дұрыс бағаламау, су қоймаларына құлау, мас күйінде шомылу, жүзе алмау, балық аулау кезінде, суға батушыны құтқару кезінде, жүзу құралдарында сырғанау кезінде ережелерді бұзу болды", - деді Бауыржан Сыздықов ОКҚ брифингінде. 

Реклама
Реклама

Ал шомылу маусымы басталғалы (1 маусымнан бастап - еск.) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 219 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылды. 233 адам, оның ішінде 70 бала суға батып, қайтыс болған.

Айта кетейік, былтыр 77 адам суға кеткен, оның ішінде 18-і бала болған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram