20 мая 2020 15:43

Кафеде ауызашар жасауға болмайды - Қазақстан бас санитар дәрігері

Фото redtable.kz сайтынан

Кафе мен басқа да тамақтану нысандарында ауызашар өткізуге болады. Бірақ әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Бұл туралы Қазақстан мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Онлайн брифинг барысында бас санитар дәрігерге "Кафеге 30-50 адам шақырып, ауызашар жасауға бола ма?" деген сұрақ қойылған.

Реклама
Реклама

"Тамақтану нысандарына келер болсақ, қоғамдық таману орындарында ауызашар жасауға болмайды. Үйге қонақ қабылдауға да болмайды. Талаптар орындалуы керек. Ең маңыздысы - әлеуметтік қашықтық. Үйге 30-50 қонақ шақыруға болмайды. Бұған дейін туған күнге қатысқан 8 адамның коронавирус жұқтырғанын айтқанмын", - деп жауап берді Есмағамбетова.

Бұған дейін Айжан Есмағамбетова коронавирус ауызашарға барған адамдардан табылғанын айтқан еді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram