09 декабря 2019 | 12:12

Қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек: Жәрдемақы мөлшері қандай?

© Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдан бастап 347 мың отбасыға жәрдемақының жаңа түрі берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр бұл туралы Нұр-Сұлтанда "Атаулы әлеуметтік көмек бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы" тақырыбында өткен Үкімет сағатында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдан бастап 347 мың отбасыға жәрдемақының жаңа түрі берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр бұл туралы Нұр-Сұлтанда "Атаулы әлеуметтік көмек бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы" тақырыбында өткен Үкімет сағатында айтты.

"Атаулы әлеуметтік көмек алып жүргендердің 60 пайызы көпбалалы отбасыларға тиесілі. Бұл ең әлжуаз топқа жататындары. Баланың саны көбейген сайын ауыртпашылық да артады, осыған байланысты заң жобасы бойынша 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға бөлек жаңа жәрдемақы қарастырылды. Яғни 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар отбасының табысына қарамастан, жәрдемақы енгізу көзделіп отыр. Есебіміз бойынша жаңа жәрдемақыға жаңа жылдан бастап 347 мың отбасы ие болады. 42 500 теңгеден 74 000 теңгеге дейін", - деді министр үкімет сағаты барысында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Нұрымбетов министрліктің қарашадан бері "Азаматтарға арналған үкіметпен" бірлесе отырып, жаңа жәрдемақыға қатысты мәселелер бойынша жұмыс істегенін айтып өтті.

Еске салайық, мұның алдында министр енді АӘК тоқсан сайын тағайындалатынын айтқан еді.

АӘК алатындарға: Сыйақы түскенде көмектен айырылып қалмау үшін не істеу керек?

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная