12 сентября 2023 | 10:20

Қарағандыда 75 миллион теңгеге отырғызылған көшеттер қурап қалған

Massaget

Қарағанды қаласында 75 миллионға көшеттер отырғызылып, ал олар кейін қурап қалған. Қала көркіне сақ қарайтын тұрғындар ауаға кеткен ақшаны айтып, шағымданып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды қаласында 75 миллионға көшеттер отырғызылып, ал олар кейін қурап қалған. Қала көркіне сақ қарайтын тұрғындар ауаға кеткен ақшаны айтып, шағымданып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 жылдан бері көшеттерді бақылап, жай-күйін бағдарлап жүрген тұрғындар былтыр ағаштар қурап қалған кезде әкімдік өкілдері мен мердігерлерге шағымданған. Олар көшеттер толық қурамағанын, әлі жаны бар екенін айтып жылы жапқан.

Реклама
Реклама

"Олар "ағаштардың өмір сүру деңгейі 90 пайыз" деді. Бірақ барлығы қурап қалған. 90 емес 0 пайыз. Барлық көшет отырғызылды. Қаражат бөлінді. Енді оны кім қалпына келтіреді? Ақшаны жай жерге көме салды. Оңтүстік-Шығыста тек бұл емес, мұндай мәселе толып жатыр. Мен қала тұрғыны ретінде осы жайтқа қатты алаңдаймын", - дейді тұрғындар.

Сарыарқа даңғылындағы көшеттерге 75 миллион теңге бөлінген. Бұл - шамамен 800 үш метрлік терек көшеттер. Олар 2021 жылы отырғызылды. Тендерді "Жарқын болашақ әлемі" қоғамдық ұйымы жеңіп алды. Бұл ағаштар қурап қалды, ал кепілдік міндеттемелері аясында компания өз есебінен жаңа көшеттер отырғызуға міндеттелді. Бірақ бұл іс те аяғына жеткен жоқ. Алдымен шенеуніктер мердігерді қорғап, ағаштар әлі өсетінін айтты. Бірақ тек 50-ге жуық көшет аман қалды.

Қыркүйектің соңында кепілдік мерзімі аяқталады. Аудан әкімдігі мердігерді кепілдік міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап арыз жолдады. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін шенеуніктер енді көгалдандыру бойынша мердігерлермен бірден 3 жылға, 2 жылға кепілдік жасасуға ниетті.

Материалдың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная