01 апреля 2020 | 12:37

Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған науқастың кім екені белгілі болды

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған науқастың кім екені белгілі болды. Бұл туралы Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған науқастың кім екені белгілі болды. Бұл туралы Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін таңертең Қарағанды қаласында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған бір жағдай тіркелді. 30 наурызда Қарағанды қаласының ауруханаларының біріне 62 жастағы ер адам жатқызылды. Сол кезде екіжақты пневмония, тыныс алу қиындағаны анықталды. Жағдайы ауыр болды. Реанимациялық боксқа жатқызылды, - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің емдеуіне қарамастан бүгін таңертеңгі 7:10-да жүрегі тоқтағаны айтылады.

"Науқас келіп түскен соң бірден коронавирусты анықтау үшін сараптама алынды. Ер адамның өліміне коронавирус себеп болғаны анықталды. Осыған дейін ол ауруханаға келген жоқ. Нотаруис болып жұмыс істеген. Жақын туыстары да оқшауланды. Қайтыс болған адаммен байланыста болғандар анықталып жатыр", - деді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибігүл Төлегенова.

Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды.

Қазір елімізде 369 адамда коронавирус індеті анықталды. 24 адам емделіп, жазылды. 3 адам қайтыс болды.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная