29 апреля 2020 | 16:56

Карантин біткен соң дәрігерге арнайы анықтамамен бару керек пе? Бас санитардың жауабы

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Карантин режимі аяқталған соң қазақстандықтар кез келген дәрігерге бару үшін арнайы ПТР тестілеудің қорытындысы бар анықтама алу керек пе? Бұл сұраққа еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Карантин режимі аяқталған соң қазақстандықтар кез келген дәрігерге бару үшін арнайы ПТР тестілеудің қорытындысы бар анықтама алу керек пе? Бұл сұраққа еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға мұндай талап қойылмайтынын жеткізді. Алайда азамат маска тағып, антисептик алып жүруі керек.

Реклама
Реклама

"Бүгінде азамат дәрігерге ПТР тестілеудің анықтамасымен баруы керек деген талап жоқ. Бірақ кез келген науқас КВИ жұқтырған болуы мүмкін деген қауіп болады. Сондықтан дәрігер де, кез келген пациент те өзін қорғау үшін жеке қорғану талаптарын орындау керек. Маска тағып, антисептик алып жүру керек. Ал медициналық қызметкерге барған кезде не болмаса кез келген ашық ғимаратқа кірерде ПТР тестілеудің қорытындысы керек деген талап жоқ", - деді Айжан Есмағамбетова ДСМ медиаорталығының онлайн-брифингінде.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, керісінше, науқасты қабылдайтын дәрігердің анықтамасы болуы керек.

"Сіз тіс дәрігеріне баратын болсаңыз, оның коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР тестілеудің оң қорытындысы болу керек. Дәрігерден мұндай анықтама талап етіледі, ал пациенттерден талап етілмейді", - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова. 

Еске салайық, бас санитар коронавирус жұқтырған 4 журналистің жағдайы туралы айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная