ПОДЕЛИТЬСЯ
14 августа 2020 | 11:22
Карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырды - Жұмағазиев
Елімізде карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырған. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елімізде карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырған. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, кеше үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссиясының отырысы өткен.
"Онда карантиндік нормаларды жеңілдету туралы шешім қабылданды. 830 мың бизнес нысаны осы күнге дейін жұмыс істемеді. Шамамен 1,3 миллион адам жұмыссыз отырды. Енді осы қабылданған шараларға байланысты көптеген бизнес түрлері жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Яғни 17 тамыздан бастап", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, кеше елімізде 17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдейтіні хабарланған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также