ПОДЕЛИТЬСЯ
18 марта 2020 | 13:47
Карантин: министр ата-аналарды еңбек демалысына жіберуді сұрады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантинге байланысты ата-аналарды ақылы еңбек демалысына жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантинге байланысты ата-аналарды ақылы еңбек демалысына жіберуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр бүгін түнде Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланатынын атап өтті. Осы орайда ол жұмыс берушілерге өз өтінішін айтты.
"Келесі шара - жұмысшыларды ақылы еңбек демалысына жіберу. Барлық мекемені осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Жұмыс істеп жүрген кез келген азамат жылына бір рет ақылы еңбек демаласына шығады. Мүмкіндік болса, барлық мекеме, ұйым, жұмыс беруші жұмыс орнын сақтау мақсатында жұмысшыларды ақылы еңбек демаласына жіберуді сұраймыз", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осы орайда Біржан Нұрымбетов бірінші кезекте ата-аналарды ақылы еңбек демалысына жіберу керегін айтты.
"Әсіресе, бұл бала күтімімен үйде отаратын ата-аналарға қатысты. Егер балаға күтім қажет болса, оларды ақылы еңбек демаласына жіберулеріңізді сұраймыз. Жұмыс беруші отбасында жұмыссыз азамат бар-жоғы туралы анықтаманы сұрауға құқығы бар", - деді министр.
Сонымен қатар ол Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты балабақшалардың да жұмысы тоқтайтынын атап өтті.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 35-ке жетті.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также