ПОДЕЛИТЬСЯ
27 августа 2020 | 16:28
Қараша, қазан айлары өте қиын болады - Бекшин коронавирус туралы
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты жағдай күзде күрделене түсуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты жағдай күзде күрделене түсуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз өзекті мәселені талқыға салғалы отырмыз. Себебі, қауіпті коронавирус инфекциясына тұмау қосылады. Сондықтан қараша, қазан айлары өте қиын болады. Алматы қаласында соңғы аптада 940 ЖРВИ-дің дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға жоғары", - дейді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Алматыда 14 144 адам COVID-19 жұқтырды. 12 848 науқас айықты, 252 адам қайтыс болды.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 105 243-ке жетті. 94 713 науқас жазылды, 1 523 адам аурудан көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также