09 октября 2020 | 17:21

"Қарастырылып жатқан жоқ". Министр зейнет жасын төмендетуге байланысты пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнет жасын төмендетуге байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнет жасын төмендетуге байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, зейнет жасын ұлғайту немесе төмендету бір мезетте шешілетін мәселе емес. 

Реклама
Реклама

"Кез келген елде, әлемде бұл мәселеге қатысты шешім қабылданғанда зерттеулерге, ұзақ мерзімді болжамдарға сүйеніп жасалады. Экономикалық, демографиялық факторлар ескеріледі. Жұмыс істеп жүрген азаматтар мен зейнеткерлердің санының арасындағы арақатынас мөлшері, халықтың қартаю динамикасы және басқа да көрсеткіштер ескеріледі", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, Біржан Нұрымбетов Қазақстанда зейнет жасын белгілеуде өзге елдердегі трендтер де ескерілгенін айтады. 

"Кез келген зейнетақының түрі еңбек өтіліне байланысты. Яғни неғұрлым еңбек өтілі жоғары болса, соғұрлым зейнетақының мөлшері де жоғары. Бұл жағдайда экономикалық та, нарық мәселесін ескеру қажет. (...) Әлемдегі трендтерді ескере бүкіл дүние жүзіндегі елдер қайта зейнет жасын ұлғайтуға барып жатыр. Әрине, Еуропа елдерінде зейнет жасы бұрын да біздікінен жоғары болған. Әлемдік тәжірибені де ескеріп, өзіміздің экономикалық, демографиялық жағдайға сүйене отырып, бүгінгі таңда үкіметтің тарапынан зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатқан жоқ", - деп түсіндірді министр. 

Еске салайық, 7 қазанда мәжіліс депутаттары Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған болатын. Жалпы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адамдар 63 жаста, әйел адамдар 59 жарым жасында зейнетке шығады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная