23 сентября 2021 19:37

Қаржы министрі депутаттар сынына жауап берді

"Хабар 24" кадры

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев депутаттардың бизнесті тексеруге мораторийге қатысты сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев депутаттардың бизнесті тексеруге мораторийге қатысты сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, көпшілік бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауға қатысты ұсынысты дұрыс түсінбеген. Яғни, министрлік жалпы бизнеске емес, жауапсыз кәсіп жүргізген субъектілерге ғана тексеру жүргізуді қалайды.

"Әйтпесе, онлайн бизнесте жүргендердің дені бақылау кассаларын қолданбай жатыр. Мәселен, былтыр осындай жағдаймен тұтынушылардан 19 мың шағым түскен. Барлығында чек ұрылмаған. Ал шағын және орта бизнеске қойылған мораторий 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады дейді. Оған Президенттің өзі тапсырма берген", - дейді AIBAT тілшісі.

Реклама
Реклама

Егер қандай да бір өзгеріс болса, онда Қаржы министрлігі құжатты қоғамдық талқыға міндетті түрде шығаруға дайын екені хабарланды.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Үкімет отырысында қаржы министрі Қазақстанда шағын бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауға ұсыныс жасаған. Бірақ бұл дауға ұласып, бірқатар мәжілісмен қарсылығын білдірген.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram