02 июня 2021 | 13:02

Қаржы пирамидаларын жарнамалайтын жұлдыздарды жауапқа тарту ұсынылды

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Тengrinews.kz

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалайтын жұлдыздарды жауапқа тарту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутат Юрий Ли Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалайтын жұлдыздарды жауапқа тарту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутат Юрий Ли Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Депутат келтірген мәліметтер бойынша, Қазақстанда 2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта қаржы пирамидалары аясында 287 құқықбұзушылық тіркелген және келтірілген шығынның мөлшері - 8 545 297 645 теңге. Сонымен қатар, Ли қаржы пирамидаларының жарнамасына қазақстандық танымал адамдардың көптеп қатысатынын атап өтті.

"Жарнамаға вайнерлер, блогерлер және басқа да танымал адамдар белсенді қатысып, заңсыз бизнеске инвестиция салуға қазақстандықтарды шақырған. Олар халық алдында жүрген адамдар, аттарын атамай-ақ қояйын, себебі тергеу жүріп жатыр, олар "тәуекелсіз инвестиция" үшін жоғары кірістерді уәде еткен қаржы пирамидасының жарнамасына белсенді қатысқандар. Біздің білуімізше, қазір сол атақты адамдар өздері де инвестиция салғанын және алаяқтық әрекеттен зардап шеккенін, қаржылық пирамидаларды ұйымдастырушылардың құрбаны болғанын айтады, бірақ факт сақталады - сіз кадрларды жарнамадан кесіп тастай алмайсыз", - деді депутат Ли.

Реклама
Реклама

Депуттатың айтуына қарағанда, қазіргі таңда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-3 бабына сәйкес, қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметін жарнамалағаны үшін әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілік белгіленеді. Мысалы, жарнаманы таратқан БАҚ болса эфирді үш айға дейін тоқтату жазасы тағайындалады.

"Бұл реттеушілік тәсілдер мыңдаған жәбірленушінің санын және оларға келтірілген материалдық шығынның мөлшерін ескермей отыр, ал шығын - миллиардтар. Бұл ақырында, көріп отырғанымыздай, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын туғызады және танымал адамдарға қатысты заңсыз қаржылық тәжірибелердің алдын алуға ықпал етпейді. Қаржылық пирамидалардың жарнамасына қатысқан жұлдыздардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын не тартылмайтынын, егер тартылмаса қандай себеппен екенін хабарлаңыз, Бас прокурор Нұрдәулетов мырза", - деді Ли.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жұлдыздар жарнамалап, қаржы пирамидалары ісінің арты шуға айналған бірқатар жайт болды. Мысалы, биыл сәуірде алматылықтар танымал тележүргізуші мен вайнерлер жарнамалап жатқан қаржы пирамидасына шағымданған еді


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная