06 августа 2021 | 12:53

Қашықтан оқу, әлде дәстүрлі формат. Жаңа оқу жылы туралы не білу керек?

Фото: Тұрар Қазанғапов

Жаңа оқу жылы басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Бүгінде оқушылар дәстүрлі оқу форматында білім алуға дайындалып жатыр. 1 қыркүйекте 7,5 мыңға жуық мектеп есігін ашады. Биылғы оқу жылы қалай болады? Tengrinews.kz тілшісі ең маңызды сұрақтарға жауап береді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа оқу жылы басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Бүгінде оқушылар дәстүрлі оқу форматында білім алуға дайындалып жатыр. 1 қыркүйекте 7,5 мыңға жуық мектеп есігін ашады. Биылғы оқу жылы қалай болады? Tengrinews.kz тілшісі ең маңызды сұрақтарға жауап береді.

Жаңа оқу жылы мен каникул мерзімі қандай болады?

2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда 33 оқу аптасына, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасына созылады.

Оқу жылы ішіндегі каникул мынадай:

  • 1-11 (12) сыныптарда: күзгі - 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда);
  • 1-сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).
Биыл қанша оқушы мектепке барады?

БҒМ мәліметінше, 1 қыркүйекте 3,5 миллионнан аса бала үшін 7 475 мектеп есігін ашады. 

Қазіргі уақытта мектептерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 263 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталған. 

Сондай-ақ, барлық мектепке сақтық шарасында дезинфекциялық заттар қойылады. 


Фото: elements.envato.com

Реклама
Реклама
Жаңа оқу жылы қашықтан оқу форматында бола ма?

Әлеуметтік желілерде "білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан басталатынын айтты" деген ақпарат тараған. Бірақ бұл жалған

"Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитария дәрігері және өңірлердің бас санитария дәрігерлері қабылдайды", - деді БҒМ өкілдері.

Яғни, жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады


Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Оқушыларға вакцинация міндетті ме?

Оқушыларға вакцина салдыру міндетті емес

Таяуда Facebook-те COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған балаларды мектепке кіргізбейді, ал екпеден бас тартқандарды білім алу конституциялық құқығынан айыратыны туралы хабарлама тарады. Бұл жалған.

Себебі денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балалардың вакцина салдыруы ерікті түрде болатынын айтты. 

Брифинг кезінде журналистің "Бала мектепке баруы үшін міндетті вакцина болмай ма?" деген сұрағына Цой "Бәрі тек ерікті түрде, ата-анасының келісімімен болатынын" айтты.

Мектеп формасы міндетті бола ма?

Жаңа оқу жылында мектеп формасы міндетті емес, бірақ классикалық стильдегі киім кию қажет. 

"Ата-аналардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшіліктерінің, білім басқармасы басшыларының пікірлерін тыңдап, көбі мектеп формасын жақтайды деген қорытындыға келдім. Бірақ мектеп формасын қолдағандар мен қарсылық білдіргендердің пікірлерін саралап, барлық жағдайды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешімді қабылдадық. Бұл шешім тек келесі оқу жылы үшін қабылданды", - деді Асхат Аймағамбетов. 

Министр бұл шешімді қабылдаған кезде нені басшылыққа алғанын түсіндірді. Оның сөзінше, ата-аналар балаларға мектеп формасын сатып алу үшін сауда орталықтары мен дүкендерге жаппай баратын болса, онда ұзын-сонар кезек болып, Covid-19 жұқтыру қаупін тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, кей отбасының пандемиядағы экономикалық қиындықтары да ескерілген. 


Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Оқу кезінде мектепте қандай сақтық шаралары болады?

Барлық мектепте жұмысшылар мен оқушылардың температурасын өлшеу міндетті, ал сыныптарда ауаны кварцтау және дезинфекциялау жасалады. Білім беру ұйымдары дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілуі керек.

Әкімдіктердің білім бөлімдері мен мектеп әкімшілігіне балалар дәлізде және асханаларда көп жиналмауы үшін қоңырау уақытын әр түрлі қылу тапсырылды. Сонымен қатар, оқушылар мен қызметкерлер маска режимін сақтауы қажет. Сондай-ақ, бір сынып бір кабинетте оқуы керек.

"Балалардың денсаулығы бәрінен жоғары, сондықтан әр сынып басқа жаққа ауыспай, тек өз кабинетінде оқиды. Мектеп оқушылары мен мұғалімдер маска киюін жалғастырады. Қоңыраулар әр түрлі уақытта болады, қажет болған жағдайда қосымша ауысымдар енгізіледі. Мектепке кіре берісте температура өлшеу қажет", - деді БҒМ баспасөз қызметіндегілер. 

Оқушылар қашықтан оқу форматына ауысуы мүмкін бе?

Министрлік мәліметінше, бәрі елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Оны Ведомствоаралық комиссия, әр өңірдің бас санитария дәрігерлері шешеді. 

"Былтыр білім беру форматы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырғаны естеріңізде шығар. Кейбір оқушы қашықтан оқыды, кейбірі кешенді түрде - дәстүрлі және қашықтан оқу форматында білім алды, ал тағы кейбірі кезекші сыныптарға барды. Елде толығымен қашықтан оқыту форматы болмады, орта есеппен 4 мыңға жуық ауыл мектебі оқу жылы бойы дәстүрлі форматта білім берді", - деді Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная