Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 февраля 2019 19:41

Kaspi қызметкерлері көпбалалы аналардың митингіне қатысты деген ақпарат жалған

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Kaspi Bank қызметкерлері көпбалалы аналардың митингіне қатысты деген ақпарат жалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Kaspi Bank қызметкерлері көпбалалы аналардың митингіне қатысты деген ақпарат жалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, қазақстандықтардың мессенджерінде банк қызметкерлері көпбалалы аналардың митингіне қатысты делінген аудиохабарлама тарады.

Алайда банктің баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалғанын екенін хабарлады. 

"WhatsApp-та тағы да жалған ақпарат тарауда. Бұл жолы көпбалалы аналар митингі өткені және оған Kaspi.kz өкілдері қатысқаны туралы. Ақпараттың жалған екенін хабарлаймыз! Kaspi.kz қызметкерлері ешқандай кездесулерге қатысқан жоқ, ешқандай үндеумен клиенттерге хабарласқан жоқ", - дейді қаржы мекемесінің өкілдері.

Сондай-ақ, банктің жалған ақпарат тарату дерегі бойынша полицияға шағым түсіргені айтылады.

"Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүрізуде. Еске саламыз, Қазақстанда жалған ақпаратты таратушыларға қылмыстық іс қарастырылған. 2014 және 2018 жылдары жалған ақпарат таратқан алаяқтар ұсталып, жазаланды. Мұны тағы да жалған ақпарат таратуға тырысқандардың есіне саламыз", - делінген банктің таратқан хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети