18 марта 2020 12:07

"Қатаң сақтау қажет". Жайылғанова мемқызметкерлерге үндеу жасады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттік қызметкерлерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттік қызметкерлерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус пандемиясын жариялауы және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай енгізуіне байланысты мемлекеттік аппаратқа барлық саланың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелді.

Реклама
Реклама

"Бүгін біз жаңа талаптар жағдайында барынша бірлесе отырып, алдын ала әрекет етуіміз қажет. Бұған мемлекет басшысы шақырып отыр. Бұл күндері азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелерге жүгінбей, қажетті көрсетілетін қызмет көлемін алуларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшілер барынша үйлесімді жұмыс істеуі қажет", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда Анар Жайылғанова күрделі кезеңде қазақстандықтардың жағдайы мемлекеттік органдарға байланысты екенін, алайда мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сақтау да өте маңызды екенін атап өтті. Осы орайда ол мемлекеттік қызметшілерге үндеу жасады.

"Сіздерді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі ұсынымдарын қатаң ұстануды сұраймын. Гигиена ережелерін сақтау әріптестеріңіздің және азаматтарымыздың арасында СOVID 19-дың таралауын болдырмауға көмектеседі. Қалыптасқан жағдай коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды талап етеді", - деді агенттік төрағасы.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдардың басшыларын мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын және күнделікті функциясыны толыққанды орындау қабілетін барынша сақтауға мүмкіндік беретін жағдай жасауға шақырды. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтығандардың саны 35-ке жетті. Нұр-Сұлтанда және Алматыда карантин жарияланды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram