10 февраля 2020 | 14:41

"Қателеспейсіздер". Ректор жастарға қандай мамандық таңдау керегін айтты 

Даурен Ерболат Журналист
Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жастарға білім беру және денсаулық саласындағы мамандықтар бойынша білім алуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жастарға білім беру және денсаулық саласындағы мамандықтар бойынша білім алуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жастардың қандай мамандықты таңдау қажетіне тоқталайын. Мен оларға мәңгілік мамандықты таңдауға кеңес беремін. Ол - дәрігер, ұстаз, мал дәрігері (ветеринар) мамандықтары. Менің ойымша, олар қателеспеуі керек", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрлігі "Адал білім" жоба офисінің басшысы Талғат Нәрікбаев мамандық таңдаған жастарды сапалы білім алып, білікті маман болуға шақырды.

"Университет бітірген студенттердің саны көп, бірақ сапалы білім алғандар аз. Тіпті, заңгерлер мен экономистер де қажет. Мәселе сапаға тіреліп тұр. Сондықтан біз жоғары оқу орнында сапалы білім беру мәселесін жай көтеріп отырған жоқпыз", - деді басшы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram