ПОДЕЛИТЬСЯ
20 июля 2020 | 18:35
Қайтыс болғандар туралы тың дерек шықты. Күннің басты жаңалықтары
Бүгін үкіметте өзгеріс болды - министр Асқар Жұмағалиев қызметінен кетті. Сондай-ақ, елімізде базалық мөлшерлеме төмендейтін болды. Сондай-ақ, ақын Мұхтар Шаханов қайтыс болды деген қауесет тарап, ол жоққа шығарылды. Tengrinews.kz тілшісі 20 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін үкіметте өзгеріс болды - министр Асқар Жұмағалиев қызметінен кетті. Сондай-ақ, елімізде базалық мөлшерлеме төмендейтін болды. Сондай-ақ, ақын Мұхтар Шаханов қайтыс болды деген қауесет тарап, ол жоққа шығарылды. Tengrinews.kz тілшісі 20 шілдедегі басты жаңалықтарға шолу жасайды.
Демалыста 121 қазақстандық коронавирустан көз жұмған
Соңғы бір тәулікте Қазақстанда тағы 1499 адам коронавирус жұқтырды. 793 науқаста ауру белгілері бар, 706 науқаста жоқ.
Қазақстанда барлығы 71 838 жұқтыру жағдайы расталған, оның ішінде:
Атырау облысында - 9187 (+130),
Алматыда- 9143 (+221),
Нұр-Сұлтан - 8371 (+226),
Қарағанды облысында - 7058 (+148),
БҚО-да - 4742 (+95),
Шымкентте - 4453 (+43),
ШҚО - 4087 (+112),
Алматы облысында - 3625 (+43),
Жамбыл облысында - 2896 (+104),
Ақтөбе облысында - 2736 (+13),
Түркістан облысында - 2477 (+20),
Павлодар облысында - 2380 (+106),
Маңғыстау облысында - 2294 (+42),
Қызылорда облысында - 2230 (+19),
СҚО - 2198 (+69),
Ақмола облысында - 2001 (+52),
Қостанай облысында - 1960 (+56).
Сондай-ақ, демалыс күндері 121 қазақстандық коронавирустан көз жұмғаны хабарланды. Осылайша, Елімізде коронавирус жұқтырып, дүниеден өткендер саны 585-ке жетті. Вирустан жұқтырғандардың 43 401-і аурудан жазылған.
© Reuters
Алматыда карантин талаптары күшейді
Кеше Нұр-Сұлтанда карантин талаптары күшейтілгені хабарланған. Бүгіннен бастап Алматыда да карантин талабы күшейді.
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы жариялады. Ол бойынша шаһарда күшейтілген карантин режимі 20 шілде түнгі сағат 00.00-де күшіне енді.
"Енді қоғамдық тамақтану орындары ашық алаңда ғана жұмыс істей алады. Қонақтар саны 30 адамнан аспауы керек. Сондай-ақ, таулар мен ұлттық парктерде велосипедпен жүруге болмайды", - делінген қаулыда.
Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.
Қазақстанның қай өңірлерінде карантин күшейтілді?
Асқар Жұмағалиев министр қызметінен босатылды
Асқар Жұмағалиев цифрлық даму министрі қызметінен босатылды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Жұмағалиев министрлік қызметте бір жылдан аса уақыт жұмыс істеді. Ол Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін былтыр 28 маусымда басқарған болатын.
Жұмағалиевтен бөлек, бүгін Олжас Құдайбергенов пен Бағдат Мусин Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылғаны туралы хабарланды.
Базалық мөлшерлеме төмендеді
Қазақстанда базалық мөлшерлемені пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайызға дейін тарылта отырып, жылдық 9,00 пайыз деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылданды.
Ұлттық банктің хабарлауынша, Тиісінше, өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 10,5 пайыз және өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 7,5 пайыз болады.
Долларландырудың өсу тәуекелдері айтарлықтай төмендеді, бұл мөлшерлемені төмендету үшін әлеуетті кеңейтті. Теңге активтерін қорғау бойынша жедел шаралар нәтижесінде биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша депозиттерді долларландыру алдын ала деректер бойынша 43,1 пайыздан 40,0 пайызға дейін төмендеді, бұл базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігіне де ықпал етеді.
Мұхтар Шаханов туралы фейк тарап жатыр
Он күн бұрын ақын Мұхтар Шахановтың өкпесі қабынып, ауруханада жатқаны белгілі болған еді.
Фото 24.kz сайтынан
Бүгін Желіде Шахановтың дүниеден өткені туралы хабар тарады. Бірақ кейін мұның жалған ақпарат екені хабарланды. Бұл туралы ақынның орынбасары Құдияр Біләл Facebok желісінде жазды.
"ҚҰЛАҚТАНДЫРУ!!! Кей ағайындар әлеуметтік желі бетінде: "Мұхтар Шаханов дүниеден озыпты" деп хабар таратуда. Басын ашып айтайық, жаңсақ хабар. Ағамыз дін аман. Қазір ғана сөйлестік. Сондықтан өтірік ақпарды таратуды тоқтатайық!", - деп жазды Құдияр Біләл.
"Жаңсақ хабар". Желіде Мұхтар Шаханов туралы фейк таралып жатыр
Показать комментарии
Читайте также