Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 октября 2018 20:50

Қазақ енелері келінді тәрбиелеу тәсілін бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Келін ененің топырағынан ба?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Келін ененің топырағынан ба?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаның басты тақырыбы - келін мен ене арасындағы қарым-қатынас. Осы орайда бағдарламаға қонақ болып келген бірнеше келіннің енесі өз құпияларын айтты. 

Бағдарламаның тағы бір қонағы, ене Айнұр Жүгінісова өзінің келіні Айжанмен келді. Ол өзінің ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты Айжан келін болып түспей тұрғанда шешіп алғанын айтса, Айжан өз қайныларына қалай ат қойғанын айтып берді. 

Айнұр Жүгінісованың айтуынша, ол ене болу үшін өзін бірнеше жыл дайындаған. Ол өзінің келінді тәрбиелеу әдісі туралы баяндап берді. 

Бағдарламаға қонақ болып келген Әйгерім Рыспаева 6 жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Ол өз енесімен арадағы қарым-қатынасы мен ата-анасының оны тұрмысқа шықпай тұрып қалай тәрбиелегені туралы айтып берді. 

Бағдарламаның тағы бір қонағы Әмина Еркеұланқызының ойынша, ене мен келіннің арақатынасы жаман болуы мүмкін емес, себебі оның анасы ата-енемен бірге тұрған. Ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынасты көріп өскен қыз болашақта енесімен тату болғысы келетінін айтты. 

Үйленгеніне екі жылдан асқан "Назар аудар" әзіл-сықақ театрының мүшесі Самат Қабдиев жұбайы мен анасының арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелеп берді. 

Жетінші арнадағы "Туған елім" бағдарламасының жүргізушісі Медет Рахымбергенов әр өңірдегі келіндердің сәлем салуы туралы айтып берді. 

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети