Қазақстан бес айда Қытайдан 3 миллиард теңгеге тест сатып алды - Сұлтанғазиев

Даурен Ерболат Журналист
Фото: dw.com

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстан 5 айда Қытайдан 3 миллиард теңгеге коронавирусқа тест сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Наурыздан бері 3 миллиард теңгеге ҚХР-дан 696 мың тест жүйесі сатып алынды. Осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша 1 миллион 700 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 971 мың зерттеу ұлттық сараптама орталығында жүргізілді. Бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің зертханасының базасы болып саналады. Қалған зерттеулер жеке медициналық және медициналық ұйымдарда, денсаулық сақтау басқармаларындағы зертханаларда жүргізілді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 188-ге жетті. 39 066 науқас дертінен айықты, 375 адам қайтыс болды.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Вопрос от автора
news19
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама