Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 декабря 2019 14:35

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы қалай өсті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның білім туралы заңында стипендияның анықтамасын былай береді: білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Тengrinews.kz тілшісі әр жылдары Қазақстанда шәкіртақы мөлшері қандай болғанын анықтады. 

Продолжение

Инфографикада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 266 Қаулысы, 2015 жылғы № 1134 Қаулысы, 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы бойынша бекітілген шәкіртақы мөлшері көрсетілген.

Еске салайық, 10 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырған болатын. "Бүгінде өзекті мәселелердің бірі ЖОО студенттердің шәкіртақысын өсіру екенін біледім. Бұл мәселе сол күйі назардан тыс қалды, 2016 жылдан бері шәкіртақы өскен жоқ. Оған себептер бар. Сондықтан да студенттерді қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын жалпы саны 133 мың студенттің шәкіртақысы 25 пайызға өсіруді тапсырамын", - деген еді Тоқаев.

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері студенттердің 2020 жылдан бастап қанша шәкіртақы алатынын айтты.

"2020 жылдың қаңтарынан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге дейін, ал жоғарылатылған шәкіртақы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге өседі. Сондай-ақ, келесі жылдың қаңтарынан бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистратурадағы шәкіртақы 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге өссе, докторантурада оқитындардың шәкіртақысы 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге өседі", - деді Білім және ғылым министрлігінің өкілдері. 

Шәкіртақыны көтеруге шамамен 18 миллиард теңге бөлінеді.

"Егер біз жылына есептесек, мысалы, шамамен 13 миллиард теңге. Бұл тек ЖОО студенттеріне қатысты. Егер бұған колледждерде оқитын студенттерді қоссақ, бұл тағы да 5-6 миллиард теңге", - деп атап өтті БҒМ басшысы. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети