ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сентября 2020 | 11:55
Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр - Цой
Қазақстан барлық ел секілді коронавирус инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін деп дайындалып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еуропа елдерінде жаппай жұқтырғандар көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Италия, Испания, Германия, Түркия, Оңтүстік Кореяда. ТМД елдерінде жұқтырғандар саны Қазақстаннан бес есе көп, 0,5 пайыз болып отыр. Бұл жағдайға алаңдап отырмыз. Қазақстан барлық ел секілді коронавирус инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін деп дайындалып жатыр. Бүгінде 71 126 төсек-орын дайындаймыз деп жоспарладық. Қазір 10 257 төсек-орын бар. Осы орындардың 15 пайызында қазір науқастар жатыр", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 584-ке жетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также