01 июня 2021 | 09:10

Қазақстан "сары" аймақта - Цой

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алексей Цойдың сөзінше, Қазақстан "сары" аймақта. 

"Қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды облыстары. "Сары" аймақта: Алматы қаласы мен Атырау, Павлодар, БҚО, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған сегіз өңір "жасыл" аймақта. Жалпы республика бойынша ауру жұқтыру саны азайып келе жатыр. Кейінгі аптада коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңнан 12 мыңға (21 пайызға) азайды.

(..) Кейінгі екі аптада ем қабылдап жатқан науқастар саны 12 мыңға азайды. Коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінде вакцинаның 3,2 миллион дозасы қолданылды. Бірінші компонент 2 131 519 адамға, екінші компонент 1 074 954 адамға салынды, - деді Цой Үкімет отырысында. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 1 маусымдағы жағдай бойынша, 1123 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Жалпы ел бойынша науқастар саны - 387 672. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная