29 июня 2021 | 12:45

Қазақстанда 1 797 адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген - ІІМ

Иллюстрациялық фото: gazeta.a42.ru

Қазақстанда 1 797 адам бүгінге дейін КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 1 797 адам бүгінге дейін КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, Қазақстанда 2020 жылдың қазанынан бастап Ішкі істер министрлігі азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтап, құжаттандыру бойынша кең ауқымды науқан өткізген.

"Нәтижесінде қазаннан бастап құжаты жоқ 4 686 адам анықталды. Олардың көбі Алматы қаласы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тіркелді. Оның ішінде 3 408 адамға жеке басын куәландыратын құжат берілді, қалған 1 278 адамды құжаттандыру мәселесі аяқталып жатыр. Нақтырақ айсақ, 1 797 адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Қазір бұл науқан жалғасып жатыр", - деді Сейтжанов.

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная