ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мая 2022 | 09:19
Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді?
1 маусымнан бастап елімізде қандай өзгерістер болады? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
1 маусымнан бастап елімізде қандай өзгерістер болады? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.
Балқашқа ұшатын рейстер саны артады
1 маусымнан бастап Балқашқа ұшатын рейстер саны артады. Балқашқа субсидияланатын әуе рейстері 14 шілдеге дейін ұзартылды. Қазақстанның екі қаласынан - Нұр-Сұлтан және Алматыдан ұшақтар 2022 жылғы 1 мамырдан бастап ұшып жатыр. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, әуе рейстері күндіз орындалады. Тасымалдаушы - "Южное небо" әуекомпаниясы.
Елордадағы Иманов көшесінде ақылы тұрақ іске қосылады
1 маусымнан бастап елордадағы Иманов көшесіде ақылы көлік тұрағы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының материалында айтылған.
Елорданың Иманов көшесі бойындағы тұрақ 2022 жылғы 1 маусымнан бастап қала әкімдігінің қаулысына сәйкес ақылы болады. Автотұрақ маңындағы үй тұрғындары үшін айына 1 500 теңге тұратын резиденттік абонемент жұмыс істейді. Құжаттар тізбесі және ресімдеу жөніндегі нұсқаулық astanapark.kz сайтының "Резиденттер" бөлімінде берілген. Тұрақтарды пайдалануға жұмсалатын қаражатты үнемдеу үшін абонементтер қолдануға болады. Абонемент иелері қаладағы барлық ақылы аймақта көліктерін тұраққа қоя алады, тіркеу жүйесі төлем бар екенін автоматты түрде анықтайды.
Ресейлік пойыздар Петропавлға тоқтайды
1 маусымнан бастап ресейлік пойыздар Петропавлға тоқтап, жолаушылар алады. Петропавловск NEWS мәліметінше, Ресей темір жолдары компаниясы Петропавл арқылы жүретін жолаушылар пойыздарына билеттер сатылатынын айтқан.
Сондай-ақ, Ресей темір жолдары компаниясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан) азаматтарына Қазақстаннан Ресей Федерациясының аумағына кіру үшін ПТР-тест қажет емес екенін айтты. Ал Қазақстанға Ресей Федерациясының аумағынан келетін жолаушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде 72 сағаттан кешіктірмей жасалған қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасын ұсынуы немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзімде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау немесе ревакцинациялау туралы құжатын көрсетуі қажет.
Референдум өткізіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Бұл туралы Президент ҚХА отырысында айтты. Ал Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум 5 маусымда өтетінін айтқан еді. Кейінірек Орталық сайлау комиссиясы өкілі республикалық референдум өткізу тәртібін таныстырған болатын.
Алматы-Ереван-Алматы әуерейсі ашылады
2 маусымнан бастап Алматы-Ереван-Алматы тікелей авиарейсі ашылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ сайтында айтылған.
Мамырда Қазақстан елшісі Болат Иманбаев Арменияның аумақтық даму және инфрақұрылым министрі Гнел Саносянмен кездескен болатын. Осы кездесуде армян тарапы 2022 жылғы 2 маусымнан бастап FlyArystan әуекомпаниясының Алматы-Ереван-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейсін ашудың, сондай-ақ, Нұр-Cұлтан-Ереван-Нұр-Cұлтан әуе қатынасын пысықтаудың маңызын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также