08 января 2020 | 17:32

Қазақстанда 2019 жылы мыңнан аса зорлық қылмысы тіркелген

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2019 жылы мыңнан аса зорлық қылмысы тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2019 жылы мыңнан аса зорлық қылмысы тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты. 

Санжар Әділовтің айтуынша, 2019 жылы зорлау ісі бойынша 1047 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 154-і, яғни 15 пайызы кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты жасалған. Бұл санаттағы қылмыстар 2018 жылмен салыстырғанда азайған.

Реклама
Реклама

"Адам зорлау бойынша 120, 121-баптарына байланысты татуласу немесе амнистия арқылы қылмыстық істерді қысқартуға болмайды. Барлық қылмыстық іске қатысты айып тағылып, ол сотқа жолданады. Яғни істі тек сот қарайды. Ешқандай татуласу немесе кешірім алу арқылы қылмыс мерзімі қысқармайды. Ондай мүмкіндік болмайды", - деп мәлімдеді Санжар Әділов. 

Қазақстанда биылдан бастап қандай қылмыстардың жазасы қатаңдатылады?

Еске салайық, бұдан бөлек Қазақстанда биылдан бастап бірқатар қылмыстың жазасы қатаңдатылды. Оның ішінде көлікті мас күйде жүргізу, мал ұрлығы, есірткі жарнамасы және допингпен ұсталған спортшыларға қатысты бірқатар өзгерістер енгізілді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная