Қазақстанда 211 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Даурен Ерболат Журналист
Фото: ОКҚ

Елімізде 211 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Осы уақытқа дейін медицина қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырудың 211 дерегі тіркелді. Бұл - республика бойынша індетті жұқтырғындардың 20,5 пайызы. Ауруды жұқтырудың барлық дерегі медицналық ұйымдарда тіркелді. Мұндай жағдай еліміздің 13 өңірінде анықталды. Ауруды жұқтыру басым бөлігі - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарына тиесілі", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 979-ға жетті. 110 науқас жазылды, 12 адам қайтыс болды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Вопрос от автора
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама