ЧМ-2026: РЕЗУЛЬТАТЫ И РАСПИСАНИЕ

Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырған

Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырған © Pixabay.com

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының 7 қызметкері коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар алаңында айтты. 

"Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының жеті өкілі коронавирус жұқтырған. Оның үшеуі аурудан жазылды. Төртеуі тиісті ем алып жатыр. Бәрінде де коронавирустың жеңіл формасы", - деді ол. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 11 571, оның ішінде 5587 адам аурудан айықты. Жалпы 41 адам қайтыс болған. 

Вопрос от автора
ОТПРАВИТЬ
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама