ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сентября 2020 | 13:09
Қазақстанда балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 8 пайызға өскен
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов елімізде балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 8 пайызға өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов елімізде балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 8 пайызға өскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Биыл елімізде балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 8 пайызға өсіп отыр. Оның себебі бар. Мысалы, кәмелетке толмағандарды зорлау бойынша бір жәбірленушіге қатысты 60 қылмыстық іс қозғалған. Бұл да өз әсерін тигізіп отыр", - деді бас прокурордың орынбасары орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар, Марат Ахметжанов бұл қылмысқа қатысты жазаның күшейтілгенін атап өтті. "Егер жабық мекемелерде, интернаттардағы қызметкерлер, дәрігерлер балаларға қатысты жыныстық сипаттағы фактілерді жасыратын болса, оларды да қылмыстық жауапкершілікке таруды көздеп отырмыз. Балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 8 пайызға өсіп отыр. Алайда бұл эпизодтар бойынша. Ал жәбірленушілердің саны өскен жоқ", - деді ол. Елде қандай қылмыс саны азайғаны айтылды Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, адам құқықтарын қорғауды күшейту бойынша тапсырма берген еді. Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
ПОДЕЛИТЬСЯ
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также