08 сентября 2021 | 17:45

Қазақстанда ең төменгі жалақы өседі. 60 мың теңге неге жетеді?

Видео кадры

AIBAT журналисі Қазақстанда ең төменгі жалақы көрсеткішіне - 60 мың теңгеге қалай күн көруге болатынын тексеріп, тәжірибе жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

AIBAT журналисі Қазақстанда ең төменгі жалақы көрсеткішіне - 60 мың теңгеге қалай күн көруге болатынын тексеріп, тәжірибе жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жоба журналисі Алмас Амангелді Қазақстанда 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы көрсеткіші 60 мың теңгеге өсетінін еске салды. Әлеуметтік себетке 43 тауар кіреді. Журналист бұл сома елде неге жететінін тексеріп көрді. 

"Енді ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін өседі. Одан не өзгереді? Менің қолымда 60 мың теңге мен азық-түлік себетіне кіретін 43 тауардың тізімі бар. Бір айға бір адам басына есептеп қазіргі бағамен қаншаға шығатынын анықтап көрейік", - деді ол. 

Реклама
Реклама

Қазақстанда бір айлық азық сатып алуға 18 866 теңге жетеді деп есептелген. Бірақ халық мұнымен келіспейді. 

"Айына? Күніне деп айтсаңызшы оны. 18 мың теңге айына жетпейді ғой", "Қазір бір кіріп шыққанның өзінде 5 мың теңге. Кішкентай ғана пакетпен шығасың. Одан артыққа жетпейді", - дейді тұрғындар. 

Тәжірибе жасаған журналист тізімде бар шошқа еті, қой еті мен жылқы етін алмаған, оған ақша жетпеген. Орнына сиыр етін ғана, балық, тауық етін сатып алған.

"Тізімдегі 43 тауар алынбаса да, 24 500 теңгеге шықты. Ал Үкіметтің есебі бойынша дәл осы тауар - 18 866 теңге. Еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі - 34 мың теңге. 34 мыңнан біздің 24 мыңды алып тастасақ, ар жағында 10 мың теңге ғана қалады. 10 мың теңгені коммуналдық қызметке жеткізесіз бе, дәрі-дәрмекке жұмсайсыз ба? Қоғамдық көлікте жүріп-тұруыңыз бар. Киінбейсіз бе? Бүгінгі біздің шағын экспериментіміздің барысында елімізде белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі халықтың азық-түлігінен де аспайтынына көзіміз жетті", - дейді Алмас Амангелді.

Еске салайық, таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырған болатын. 

"Ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өскен жоқ. Дүниежүзілік коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс халық табысына қысымды арттырды. Сонымен қатар, ең төменгі жалақы бойынша Қазақстан ТМД-дағы бірқатар елден төмен. Сондықтан, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын", - деген еді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Кейін Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов елде ең төменгі жалақыны арттырудың ашық жүйесі жоқ екенін мәлімдеген болатын. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная