1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің саны 40 пайызға азайды - Сапарбаев

Иллюстрациялық фото: pixabay.com Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Қазақстанда шетелдік жұмысшыларға берілетін квота 29 мыңға азайтылды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапарбаев есеп беріп жатқанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақы айырмашылығы туралы сұраған.

"Қазіргі таңда Қазақстанда 2010-ға жуық кәсіпорында шетелдік азаматтар жұмыс істейді. Ондағы қазақстандықтардың үлесі - 96 пайыз. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Еңбек министрлігі, Бас прокуратура, жергілікті билік өкілдерімен бірігіп, 30-дан аса шетелдік жұмыс істейтін 96 кәсіпорынды тексерді. Соның нәтижесінде мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. Бас прокуратураның көмегімен 550-ге жуық шетелдік еліне қайтарылды, 470 еңбек шарты бұзылды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл квотаны 40 пайызға кеміттік. Яғни, былтыр 49 мыңға жуық шетелдік азамат қазақстандық кәсіпорындарға тартылса, биыл оның санын 29 мыңға төмендеттік. Бес жыл бұрын елімізде 100 мыңға жуық шетелдік жұмыс істеген болатын", - деп жауап берді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп беріп жатыр, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.