ПОДЕЛИТЬСЯ
01 июня 2020 | 11:33
Қазақстанда жыл басынан бері 35 бала терезеден құлап кеткен
Елімізде жыл басынан бері 35 бала терезеден құлады. Бұл туралы ІІМ төтенше жағдай комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елімізде жыл басынан бері 35 бала терезеден құлады. Бұл туралы ІІМ төтенше жағдай комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 2019 жылы 111 бала терезеден құлапты.
"2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 1-8 жас аралығындағы 35 бала құлап кетті. Нұр-Сұлтанда - 8, Қарағанды облысы - 7, Жамбыл облысы - 3, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Ақмола облыстары мен Алматыда - 2, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында 1 дерек тіркелді", - деді Владимир Беккер елордада өткен брифингте.
Ол балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналар жауапты екенін атап өтті.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также