ПОДЕЛИТЬСЯ
25 января 2021 | 11:40
Қазақстанда қандай жол апатынан адам өлімі көп?
Қазақстанда 2020 жылы жол-көлік оқиғасы 19 пайызға азайды. Дегенмен былтыр елімізде жол ережесін бұзудың 5,6 миллион дерегі тіркелген. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 2020 жылы жол-көлік оқиғасы 19 пайызға азайды. Дегенмен былтыр елімізде жол ережесін бұзудың 5,6 миллион дерегі тіркелген. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Оның ішінде 2 миллион дерек жылдамдықты асыру, 1,6 миллион дерек белгілер мен сызықтарды ережесін сақтамау, 264 мың - жарық құралдарына қатысты ережебұзушылық, 221 мың - жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, 188 мың - тоқтау мен көлікті рұқсат етілмеген жерге қою ережелері бұзылды", - деді Түсіпов ІІМ-нің Facebook желісінде өткен онлайн-брифингте.
Сондай-ақ, ІІМ өкілінің айтуынша, жолдағы адам өліміне негізінен жол-көлік оқиғасына үш түрі жағдай себеп болады.
"Олар: жаяу жүргіншіні қағып кету, көліктің төңкерілуі және қарсы беттегі көлікпен соқтығысу. Осы жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандардың көрсеткіші елдегі жол-көлік оқиғасынан көз жұмған жалпы өлімнің 64 пайызы болып отыр", - деді ол.
Серік Түсіпов елде көбіне көлік жылдамдығын арттыру салдарынан жол апаты жиі болатын атап өтті.
"Әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы елді мекеннің маңында жылдамдықты арттырудан болады. 2020 жылы мұндай 2783 жағдай, онда 397 адам қаза тапты, 3508 адам жарақат алды. Елдегі әрбір алтыншы жол-көлік оқиғасы немесе 17 пайызы жолдағы белгілер мен сызықтарды елемеуден болған. Өткен жылы мұндай 2430 жол-көлік оқиғасы болды, 198 адам көз жұмды, 3 мыңнан аса адам жарақат алды. Қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдықты арттыру салдарынан да жол-көлік оқиғасы көп тіркелді. Мұндай трассадағы әрбір жол апаты осы себептен болып отыр. Былтыр мұндай 1456 жол-көлік оқиғасы болды, 400-ден аса адам қазақ тапты, 2290 жарақат алды", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также