02 апреля 2020 | 18:43

Қазақстанда қандай кәсіпорындарда қысқарту болмайтыны айтылды

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев төтенше жағдай кезінде қандай кәсіпорындарда қысқарту болмайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев төтенше жағдай кезінде қандай кәсіпорындарда қысқарту болмайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықты жұмыспен қамту бойынша көп сұрақ туындап жатыр. Өңірлерде 700 мыңдай адам жұмыс істейді. "Арселор Миттал", "Қазақмыс" сынды ірі компаниялар бар. Олармен тиісті жұмыс жасалды. Үкіметтің тапсырмасы бойынша олармен келісімшартқа отырдық. Жұмыскерлердің санын қысқартуға тыйым салынды. Мүмкін жарты күнге жіберетін шығар, бірақ толық ешкімді жұмыстан қысқартпайды", - деп Өскенбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте уәде берді.

Реклама
Реклама

Спикердің айтуынша, елдегі әуе және теміржол көлігі саласында қызмет ететін ұлттық компания қызметкерлерінің жұмыс орны сақталады.

"Қазіргі дағдарыс көлік саласына көп әсер етті. Әуе көлігі, теміржол, автокөліктерде жұмыс тоқтап қалды. Бірақ "Қазақстан Темір жолы", "Эйр Астана", "Скат" басқа да компаниялармен келістік. Теміржолда 125 мыңдай адам, авиацияда 20 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Мұнда толық жұмыс орындары сақталады", - деді ол.

Спикердің айтуынша, ведомство алдағы уақытта құрылыс саласындағы жұмысшылардың санын арттыруды жоспарлап отыр. 

"Құрылыс саласында 600 мыңнан астам жұмыс істейді. Үкімет құрылыс мәселесіне көңіл бөліп отыр. Өйткені құрылыс саласы - ең көп жұмыспен қамтитын сала. Сол себептен оған қосымша ақша бөліп, тағы жұмыс орындарын ашамыз деп алдымызға мақсат қойып отырмыз", - деп түйіндеді сөзін Өскенбаев.

Айта кетейік, Coved-19 инфекциясының жаппай таралмауының алдын алу мақсатында және елдегі экономикалық дағдарыстың жолын кесу үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған үндеуінде бірнеше тапсырма берген.

Осыған байланысты бүгін премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметке нақты тапсырма берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыссыз қалған азаматтар да 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алатынын хабарлады.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазір елімізде 423 адам коронавирус жұқтырған. 27 адам сауықты, 3 адам қайтыс болды.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная