Қазақстанда қандай қылмыс жасаған шетелдіктер ұсталды?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Кейінгі кездері Қазақстанда заңсыз жүрген, қылмыс жасап қашып жүрген шетелдіктер ұсталып жүр. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда қанша шетелдік қандай қылмыс үшін ұсталғанын анықтап көрді.

Кейінгі кездері Қазақстанда заңсыз жүрген, қылмыс жасап қашып жүрген шетелдіктер ұсталып жүр. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда қанша шетелдік қандай қылмыс үшін ұсталғанын анықтап көрді.

Ішкі істер министрлігі өкілдері Massaget.kz тілшісіне берген ресми жауабында биылғы тоғыз айдың көрсеткіші туралы айтты.

"Биыл тоғыз айда елімізде халықаралық және мемлекетаралық іздеуде жүрген 80-нен астам қылмыскер ұсталды. Соңғы бес жылда, атап айтқанда 2018 жылы - 148, 2019 жылы - 127, 2020 жылы - 64, 2021 жылы - 75, 2022 жылы - 105 қылмыскер ұсталды", - делінген жауапта.

Реклама
Реклама

Шетелдіктер қылмыскерлер көбінесе Алматы, Астана, Шымкент сияқты ірі қалаларда тұтқындалған.

"Іздеуде жүрген шетелдік қылмыскерлер негізінен алаяқтық, ұрлық, кісі өлтіру, адам саудасы, қарақшылық шауыл, тағы басқа қылмыстары үшін іздеуде жүргендер", - делінген ресми жауапта.

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама