24 июня 2020 | 14:40

Қазақстанда карантин кезінде отбасылық зорлық-зомбылық 20 пайызға өсті - Балаева

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жыл сайын отбасылық зорлық-зомбылық фактісі көбейіп жатыр. Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин кезінде 20 пайызға артқан. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жыл сайын отбасылық зорлық-зомбылық фактісі көбейіп жатыр. Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин кезінде 20 пайызға артқан. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аида Балаеваның айтуынша, елімізде отбасылық зорлық фактілері жыл сайын артып келеді.

Реклама
Реклама

"Әлемдегі бұл проблема жыл сайын біздің қоғамда да өзекті болып келе жатқаны өкінішті. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сүйенсек, 2017 жылы 446, 2018 жылы 919, 2019 жылы мыңнан астам отбасылық зорлық-зомбылық болған. Эпидемия бастап, карантин шаралары қатаңдатылғаннан кейін отбасылық зорлық 20 пайыз өскен. Әрине, бұған уайымдаймыз. Бұл тақырып қоғам тарапынан наразылық туғызады. Күн сайын БАҚ пен желіде отбасылық жанжалдың қайғылы аяқталғаны туралы көреміз, көбіне соның салдарынан балалар жетім болып қалады", - деді министр онлайн қоғамдық талқылау кезінде. 

Аида Балаева бүгінде бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін мемлекет жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Мысалы, отбасындағы зорлықтан жапа шеккендерге пандемия басынан бері 37 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Құқықбұзушылардың тәртібіне қатысты 5 мыңнан астам қатаң талап қойылды. Бұл жерде құқықтық шаралар аздық ететіні түсінікті. Қоғамның жүйелі түрде жұмыс істеуі және ҮЕҰ, сарапшы қоғамдастықтар, кәсіби психологтар, қолдау топтары және өзгенің отбасылық бақытына бей-жай қарамайтын барша адам күш салу керек. Елімізде мұндай адамдар аз емес. Көбі зардап шеккендерге көмек көрсетіп, қолдап қана қоймайды, сонымен бірге олардың жағдайын жақсарту үшін жақсы ұсыныстар да айтады", - деді ол.

Сондай-ақ министр қазір аталған мәселе заңнамалық деңгейде де жіті талқыланып жатқанын және осы жиынға Мәжілістің жұмыс тобындағы депутаттар қатысып отырғанын айтты.

"Қазір Мәжілісте отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет мәселелері жөніндегі заңнама ұсынысы талқыланып жатыр. Бүгін Мәжіліс депутаттары осы брифингке қатысып отыр. Мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институты - бәрі жұмыла көтеріп, ведомствоаралық жұмыс жасалмаса, бұл проблеманы шеше алмаймыз. Сондықтан осы мәселені шешу үшін нақты ұсыныстар айтылады деген үміттемін", - деді Балаева.

Еске салайық, қазір Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі отбасындағы зорлық-зомбылықты жою мәселесін талқылау үшін онлайн-брифинг ұйымдастырды. Оған Мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная