07 апреля 2020 | 15:19

Қазақстанда қарттардың зейнетақысы үйіне жеткізіліп жатыр

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Сәуір айының басынан бері 400 мыңға жуық зейнеткердің қаржысы үйіне жеткізілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сәуір айының басынан бері 400 мыңға жуық зейнеткердің қаржысы үйіне жеткізілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ОКҚ онлайн-брифингінде "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов филиалдарда зейнетақылар мен жәрдемақылардың берілу мәселесі туралы айтып берді.

Реклама
Реклама

"Қазір қозғалыстың шектелуіне байланысты бұрын пошта бөлімшесіне зейнетақыға келетін барлық зейнеткерге сәуір айының зейнетақысын үйіне жеткізіп беріп жатырмыз. Қалғандарына төлем картасын ашып, ақшасын сол картаға аударып, картаны үйіне жеткізіп беріп жатырмыз , - деді Сәрсенов.

Сонымен қатар, қазір зейнетақыларды және төлем карталарын үйіне жеткізу үшін арнайы кесте жасалған.

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірге 1-15 сәуір аралығында зейнетақыны үйге жеткізу кестесін бекіттік. Сол кесте бойынша бүгінде біз 389 572 зейнеткердің үйіне зейнетақысын жеткізіп, 6 мыңға жуық зейнеткерді төлем карталарына көшірдік. Біздің зейнетке шыққан клиенттеріміздің қатарында карантин біткен соң зейнетақыларын бөлімшеге келіп алғысы келетіндері де бар. Біз олармен үнемі байланыста боламыз", - деді басқарма төрағасы.

Айта кетейік, елімізде коронавирус індетінің жаппай таралмауы үшін төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты көптеген мекеме жұмыс режимін ауыстырды.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная