19 октября 2020 | 17:33

Қазақстанда кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады

Елімізде кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде кинотеатрлар 26 қазаннан бастап ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берген. Нәтижесінде ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдаған.

Реклама
Реклама

"Біріншіден, шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі:

2020 жылдың 26 қазанынан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту; Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу; шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу", - делінген хабарламада.

Екіншіден, 2020 жылғы 19 қазаннан бастап Қазақстандағы көптеген өңірлік зертханада ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Үшіншіден, ауру өсімі болмаған жағдайда, "жасыл" тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметін кезең-кезеңмен қайта жандандырылады.

"2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды. Ал 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды", - делінген хабарламада.

Төртіншіден, еліміздегі шектеу шараларын сақталады.

"Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная