ПОДЕЛИТЬСЯ
16 марта 2020 | 19:36
Қазақстанда кімдерге 4 пайызбен несие берілетіні айтылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 4 пайызбен 7 жылға дейін несие берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 4 пайызбен 7 жылға дейін несие берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 123 миллард теңге қарастырылған. Нәтижесінде 535 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Осы орайда министр бағдарламаға өзгеріс енгізілгенін жеткізді.
"Біз қазіргі таңда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жұмыссыз жүрген азаматтар үшін жеңілдік қарастырдық. Егер бұрын "Еңбек" бағдарламасы бойынша шағын несиелер 6 пайызбен 5 жылға дейін берілсе, бүгінгі тәртіп бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жұмыссыз жүрген азаматтарға бұл несие 4 пайызбен және 7 жылға дейін беріледі", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, министр бүгінде жеке кәсібін ашқысы келетін қазақстандықтарға қайтарымсыз гранттар беріліп жатқанын тілге тиек етті.
"Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін гранттарды беру тәртібі өзгертілді. Яғни міндетті түрде 1 айлық кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсы алынып тасталды. Енді бұл курсты оқымай, бұл гранттарды алуға болады", - деді Біржан Нұрымбетов.
Еске салайық, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты телеарна арқылы үндеу жасады. Ал кеше президент Қазақстанда төтенше жағдай жариялаған болатын.
Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде 9 адам коронавирус жұқтырған, екеуі - Нұр-Сұлтанда, жетеуі - Алматыда.
Сонымен қатар, бүгін әлемде мұнай бағасы төмендеп, елімізде доллар бағамы күрт өсті. Сондай-ақ, Қазақстанның ұлттық банкі мәлімдеме жасады.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также