12 июня 2020 | 16:01

Қазақстанда коронавирус жұқтырған шенеуніктер туралы не белгілі?

Бүгінде Қазақстанда 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде шенеуніктер де бар. Елімізде басқармасы басшысынан әкім, депутатқа дейін COVID-19 жұқтырған. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанда коронавирус жұқтырған шенеуніктер туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Қазақстанда 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде шенеуніктер де бар. Елімізде басқармасы басшысынан әкім, депутатқа дейін COVID-19 жұқтырған. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанда коронавирус жұқтырған шенеуніктер туралы баяндайды.

Вице-министр Қамалжан Надыров

Реклама
Реклама

Елімізде коронавирус жұқтырды деп алғаш хабарланған шенеунік - Қамалжан Надыров. Сәуірдің аяғында Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған одан коронавирус табылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеген болатын.

Көп ұзамай Надыров қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Өздеріңіз білетіндей, мен қазір елордадағы стационарлардың бірінде ем алып жатырмын. Бұл жаңалық осындай шу туғызады еп ойламаппын да. Қолдау көрсетіп, көп хабарлама жазғандарыңызды көрдім. Бұл, әрине, маған күш береді, сіздерге рақмет! Қуанышқа орай, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Дәрігерлерімз бар күшін салып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеп жатыр. Оларға рақмет, бас иемін, олар нағыз батырлар!", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.


© Тұрар Қазанғапов 

Ол өз сөзінде "вирус біз ойлағаннан да қатыгез" деген пікір білдірді.

Ал 19 мамырда Камалжан Надыровтың аурудан жазылғаны туралы хабарланды. Айтуынша, басында коронавирус жеңіл түрде өткен. Кейін симптомдары қатты білініп, жағдайы нашарлаған.

Маусымның басында Надыров Алматы қала қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Теміртау әкімі Ғалым Әшімов

2 маусымда Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтен коронавирус табылғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

"Теміртау қаласы әкімінің коронавирус инфекциясына сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта Ғалым Әшімов үйінде. Дәрігерлер денсаулық жағдайын тұрақты деп санайды. Шағымдар жоқ. Әкім 14 күн бойы оқшауланады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, әкімдікте Әшімовпен байланыста болған қызметкерлер коронавирусқа тест тапсырған. Бәрі де теріс нәтиже көрсеткен. Қала әкімінің міндеттері әкім орынбасары Мирас Құттыбайға жүктелген. Теміртау қаласы әкімдігінің кеңсесі қалыпты режимде жұмыс істей берді.

Ал 11 маусымда Әшімовтің аурудан айыққаны хабарланды.

"Қазіргі уақытта Ғалым Әшімовтің денсаулығына алаңдайтын себеп жоқ. Соңғы тест теріс нәтиже көрсетті. 15 маусымда жұмысқа шығуы мүмкін. Еңбекке жарамсыздық парағының мерзімі аяқталып жатыр", - деді әкімдіктегілер.

Әкімдік өкілдері әкімде аурудың белгілері байқалмай, жеңіл түрде өткенін мәлімдеді.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли

6 маусымда Қазақстанда тағы бір шенеуніктен коронавирус табылғаны хабарланды. Бұл жолы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлиден COVID-19 табылған. Бұл туралы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.

Ол жағдайының қалыпты екенін, ем қабылдап жатқанын айтты.

"Ардақты ағайын! Өкінішке қарай, бүгін аса бір жайсыз жаңалықты жариялайын деп отырмын. Әлемді айналып, елімізді шарлап кеткен коронавирус індеті менен де табылды. Кеше тапсырған тест қорытындысы оң нәтиже берді. Қазір ауруханада, дәрігерлердің қарауында жатырмын. Жағдайым бір қалыпты. Аса алаңдайтындай емес. Ем қабылдаудамын", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Берік Уәли сол сәтте коронавирусқа сенбейтіндерге үн қатты.

"Пандемияға сенбейтін, ауруды жоқ деушілер азаймай тұр. Ондайда "Ауырған адамды көрсетіңдерші", "Менің танысымның бірде-бірі ауырған жоқ. Сонда онымен кім ауырып жатыр?", "Ауырған адамдардың аттарын неге атамайды?" деген сияқты пікірлерді жиі еститінбіз. Міне, мен дерт жұқтырдым, оны жасырмай жариялап отырмын. Мұндағы мақсат алаңсыз жүрген азаматтар ойлансын, сенбей жүрген кісілердің көзі жетсін дегенім. Ауру бар. Оны жұқтырушылардың саны күн сайын артып жатыр. Қанша жерден сақтық шараларын қатаң сақтап жүрсек те, біз де жұқтырдық. Енді емделу керек", - деп жазды ол.

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан

Ал бүгін белгілі өнер қайраткері, Қазақстан мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Қадірлі ағайын! Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен, үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қадірлі ағайын! Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен, үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін. Қазір вирустың таралу ықтималдығы артты. Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді. Аман болайық!

Публикация от Bekbolat Tleukhan (@bekbolat.tleukhan) 11 Июн 2020 в 2:11 PDT

54 жастағы Бекболат Тілеухан вирустың таралу ықтималдығы артқанын айтып, ескертті.

"Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді. Аман болайық!", - дейді ол.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная