21 октября 2020 | 16:52

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр - ДСМ

Даурен Ерболат Журналист
Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, 21 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 109 766 науқас тіркелген.

Реклама
Реклама

"Оның ішінде 105 301 науқас сауыққан, ал 2 662 адам емделіп жатыр. Кейінгі тәулікті COVID-19 оң нәтижесімен 143 адам тіркелді. Барлығы 1 803 адам қайтыс болды. COVID-19 вирусының ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен 36 200 ықтимал жағдай тіркелді. Оның ішінде 28 318 адам сауығып шықты. 7 994 науқас емделіп жатыр. 388 адам қайтыс болды. Кейінгі тәулікте ауру жұқтырудың 220 жағдай тіркелді", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Ажар Ғиният соңғы аптада өңірлерде COVID-19 вирусының өсу дерегі байқалғанын атап өтті.

"Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану 12 өңірде өсу есебінен 1,2 есеге өсті. Науқастардың ең көп саны Нұр-Сұлтан - 125, Шығыс Қазақстан облысы - 95, Алматыда - 79, Павлодар облысы - 79, Солтүстік Қазақстан облысы - 74, Қарағанды облысы - 69, Атырау облысы - 58 дерек тіркелді. Бұл жалпы сырқаттанудың 74 пайызы", - деді вице-министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная