25 января 2022 | 17:15

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші неге күрт өсті? ДСМ жауабы

Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда кейінгі апталарда коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсіп, барлық дерлік өңір "қызыл" аймаққа өтті. Оның себебін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда кейінгі апталарда коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсіп, барлық дерлік өңір "қызыл" аймаққа өтті. Оның себебін ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ең алдымен бұл омикронның өз қасиеттеріне байланысты. Омикрон штамы жылдам таралады, жағдайлар саны еке есе көбейетінін бұған дейін де айтқанбыз. Инкубациялық кезең қысқарды - 3-4 күн. Оған қоса адам ауру белгілері пайда болғанға дейін екі күн бұрын және жазылған соң екі күн жұқпалы болады. 

Жаңажылдық мерекелерде адамдардың бір-бірімен етене араласуы, ішкі және сыртқы миграция және елімізде болған тәртіпсіздіктер коронавирустың таралуына, әрине, әсер етті. Фактор көп. Барлық өңірде өсім бар. Қазір түркістан облысынан басқа барлық өңір "қызыл" аймақта", - дейді Айжан Есмағамбетова.

Ол омикрон жұқтыру жағдайларының өсуін тек тәртіпсіздіктермен байланыстырмайтынын айтты.

Реклама
Реклама

"Омикрон 16 желтоқсанда елде болғаны анықталды. Жалпы елдегі жағдайға келер болсақ, 1 қаңтардан бері 170 мың жағдай анықталды. Осы дерекке қарап отырып-ақ аурудың өте жылдам тарап жатқанын көруге болады", - деді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы.

Еске салайық, Қазақстанда өткен тәулікте 9 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 166 697-ге жетті.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная