30 июня 2020 | 13:57

Қазақстанда коронавирус туралы қандай жалған ақпарат тарап жатыр?

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстандықтар арасында әлеуметтік желі мен мессенджерлерде түрлі жалған ақпарат тарап жатыр. Бірінде фейк авторы халықты блокбекет қайта орнатылады деп қорқытса, тағы бірінде коронавирусты арақпен емдеуге болады деген мәлімет айтылған. Tengrinews.kz тілшісі елімізде коронавирус туралы тараған жалған ақпараттар топтамасын жалғастырады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар арасында әлеуметтік желі мен мессенджерлерде түрлі жалған ақпарат тарап жатыр. Бірінде фейк авторы халықты блокбекет қайта орнатылады деп қорқытса, тағы бірінде коронавирусты арақпен емдеуге болады деген мәлімет айтылған. Tengrinews.kz тілшісі елімізде коронавирус туралы тараған жалған ақпараттар топтамасын жалғастырады.

Алты қала жабылады - фейк

Реклама
Реклама

Бүгін тағы бір ақпараттың жалған екені белгілі болды. Желіде 30 маусымнан бастап шектеу шаралары күшейтілетіні айтылған хабарлама тараған. Дәлірек айтқанда, хабарлама авторы бірқатар ірі қалада сауда үйлері, базарлар жабылатынын мәлімдейді.

Хабарламада карантинді күшейту туралы шешімді Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдағаны айтылған.

Фейк авторының сөзінше, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, дүкендер, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметі уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, қоғамдық көліктерге шектеу қойылатыны, скверлер, саябақтар, жағажайлар жабылатыны айтылған. Хабарламада 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қойылаты да хабарланған.

Сондай-ақ, осы алты қала - Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұздың жабылатыны, яғни, кіруге және шығуға тыйым салынатыны айтылады.

"Әлеуметтік желілерде ведомствоаралық комиссия мақұлдаған қосымша шектеу шараларын енгізу туралы хабарлама тарап жатыр. Таратылған ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер", - деді үкіметтің баспасөз қызметіндегілер.

Алматы облысында қайтадан блокбекет қойылады - фейк

Соңғы күндері желіде қатаң карантин енгізілетіні және Алматы облысында қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат тараған. WhatsApp-та тараған хабарламаның авторы блокбекет қойылған соң ешкімді кіргізіп-шығармайтынын, қалада көлікпен жүруге тыйым салынатынын айтады.

Осыған байланысты кеше әкімдік баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Танымал мессенджерлердің бірінде Алматы облысында карантинге байланысты қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы хабар тараған. Бұл - фейк ақпарат. Бүгінде облыс периметрі бойынша блокбекет қою жоспарда жоқ", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Желіде карантин туралы қандай жалған ақпараттар тарап жатыр?

Коронавирус реагенттерден жұғып жатыр - фейк

Желіде COVID-19 туралы тағы хабарлама тарады. Оған сенсек, Алматыда COVID-19-ға тест тапсыру кезінде тұрғындар коронавирус жұқтырып алған. Дәлірек айтқанда, хабарламада коронавирус реагенттерден жұғып жатқаны айтылады.

Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі комиссия коронавирус инфекциясын анықтауға арналған тест тапсыру барысында реагенттерден ауру жұғу қаупі жоқ деп ресми түрде хабарлады. Әкімдік хабарлауынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "реагенттерден ауру жұғыпты" деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Коронавирус инфекциясына тест тапсыру кезінде тек сертификатталған реагенттер пайдаланылады. Коронавирусты диагностикалау мәселесі ерекше бақылауға алынған. Біз провокация мен алып-қашпа әңгімелердің соңында кетпей, ресми ақпарат көздеріне жүгінуді сұраймыз",-  дейді Комиссия төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.


Фото:elements.envato.com

Дәріханаларда дәрі-дәрмек жетіспей жатыр - фейк

Желіде тараған тағы бір ақпарат - дәріханаларда дәрінің жетіспеуі. WhatsApp-та тараған хабарламаға сеніп, тұрғындар жаппай дәріханаға барып, дәрі-дәрмек сатып алып жатыр.

Осыған байланысты Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров тұрғындарды дүрбелең салмай, дәріханаға жүгірмеуге шақырған.

"Біз қазір әлеуметтік желілерді бақылап отырамыз. Көптеген тұрғын дәріханаларда қандай да бір дәріні таба алмай жүргенін жазып жатыр, бұл жерде әңгіме - вирусқа қарсы препараттар туралы. Мен халыққа ескерткім келеді: өз бетінше емделуге болмайды. Профилактика мақсатында қандай да бір дәрі ішіп, сол арқылы инфекциядан қорғануға не аурудың салдарын азайтуға болады деген жалған ақпараттарға сенбеңіздер", - деп жазды ол.

Елде дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да мәлімдеді.

"Дәрі-дәрмек дефициті туралы мәселенің нүктесін қойғым келеді. Мессенджер мен әлеуметтік желілердегі түрлі арандатушылық хабарламалар халықтың дәріханадан жаппай дәрі сатып алуына әкелді. Әсіресе, қызу түсіретін дәрілер. Елде мұндай препараттар жеткілікті деңгейде өндіріледі және аймақтарға жеткізу мәселесі жоқ", - деді министр.

Коронавирустан спирт арқылы емделуге болады - фейк

Әлеуметтік желілерде бір тәулік бойы спирт буын жұту арқылы коронавирустан емделуге болады деген ақпарат тараған. Осыған қатысты Қазақстанның жетекші инфекционисі Динагүл Баешева пікір білдірген.

Ол коронавирусты спирт буымен емдеу туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Бұл жалған ақпарат, біз мұндай ұсыныстар бермейміз. Вирус өлуі үшін, спирт концентрациясы шамамен 60 пайыз болуы қажет, мұндайды адам ағзасында жасау мүмкін емес. Бұл біздің спирттік антисептиктерді ұсынып жүргенімізден ойлап тапқандары шығар", - деді Динагүл Баешева.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная