30 апреля 2021 | 12:38

Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина салынатын болды

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина салынатын болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина салынатын болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, үшінші вакцина қытай технологиясымен жасалған.

"Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда жаппай вакциналауға рұқсат етілген бірнеше вакцина бар. Олар "Спутник V", QazVac және арабтардың бүгін келетін вакцинасы, оны Sinopharm компаниясы қытай технологиясымен өндірген. Қазіргі таңда біз бұл вакцинаны күтіп отырмыз және ол өңірлерге келіп жетеді. Осылайша, біздің елде үш түрлі вакцина халыққа қолжетімді болады. Айтып өткенімдей, бұл вакцина бүгін жеткізіледі және Қазақстанның барлық аймағына жіберіледі. "Самұрық Қазына" Қорынан басқа шамамен 750 мың доза вакцина халыққа жолданады және өңірлерге тең бөлінеді", - деді министр Цой.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін министр Қазақстанда қашан маскасыз жүруге болатынын айтты. Сонымен қатар, ол халықты ұжымдық иммунитет қалыптастыруға үлес қосуға шақырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная