19 июня 2020 09:56

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр - министр

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Елімізде медициналық және ветеринариялық мақсаттағы вакциналар шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде медициналық және ветеринариялық мақсаттағы вакциналар шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, зауыт екі бағыт бойынша вакциналар шығарып, болашақта импортты алмастырады.

Реклама
Реклама

"Жылдық қуаты 60 миллион дозаға дейін. GMP халықаралық стандартына сай зауыт мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, медицина саласында тұмау, туберкулез, бруцеллез, коронавирус және тағы басқа вакциналарды өндіру. Екіншіден, ветеринария саласында қой шешегі, қой мен ешкінің контагиозды эктимасы, сиырлардың нодулярлық дерматиті, оба, бруцеллез тағы басқа вакциналарды дайындайды. Бұған қоса, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, биопрепараттар импортын алмастыруды және экспортқа шығару мүмкіндігін қамтамасыз етіп, отандық ғылыми-зерттеу әзірлемелерін өндіріске енгізуді арттырады", - деді ол Үкімет отырысында.

Еске салайық, премьер-министр Асқар Мамин бүгін оқшаулану режимінен шығып, Үкімет отырысын өткізіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram