12 июня 2020 | 16:50

Қазақстанда коронавирустың екінші толқынымен күреске ақша бар ма? Министрдің жауабы

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет: Тengrinews.kz

Қазақстан бюджетінде коронавирус пандемиясының екінші толқынымен күреске ақша бар ма? Бұл сұраққа қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан бюджетінде коронавирус пандемиясының екінші толқынымен күреске ақша бар ма? Бұл сұраққа қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, елімізде COVID-19 пандемиясының алғашқы толқынымен күреске 153,4 миллиард теңге бөлінген. Бұл ақша Үкімет резервінен, республикалық бюджеттен және БҒМ бюджетінен алынған.

Реклама
Реклама

"Коронавирустың алғашқы толқынымен күреске 153,4 миллиард теңге бөлінгенін білесіздер. Оның ішінде 26,6 миллиард теңге - Үкіметтің резерві, 125,3 миллиард теңгесі республикалық бюджетті қайта қарау кезінде бөлінді, қалған 1,5 миллиард теңге Білім және ғылым министрлігінің бюджетінен алынды", - деді ол.

Сонымен қатар, министр коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда қажетті ақша барын атап өтті.

"Уақыт көрсетеді. Резервте ақша бар. Коронавирусқа байланысты, жалпы экономика жағдайына қарай белгілі болады. Ал, жалпы айтқанда Үкімет резервінде және бюджетте керек ақша бар", - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Еске салайық, бүгін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында есеп берді. Сол кезде ол қазақстандықтар көлік, пәтер сатып алғаны туралы декларация тапсыратынын айтқан болатын

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная