ПОДЕЛИТЬСЯ
18 января 2022 | 18:01
Қазақстанда локдаун жариялана ма? Министр жауап берді
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал нашарлауына байланысты локдаун жариялау қарастырылып жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал нашарлауына байланысты локдаун жариялау қарастырылып жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде айтты.
"Бүгінде ел бойынша локдаун жариялау қарастырылып та, жоспарланып та жатқан жоқ. Себебі барлық шектеу шарасы денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктемені азайту үшін және коронавирустан болатын өлім-жітім санын азайту үшін қабылданған. Алдағы күндері шектеу шаралары әр өңірдегі эпиджағдайға байланысты саралау түрінде қабылданады", - деді Ажар Ғиният.
Еске салайық, бүгінде Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша, Түркістан облысынан (өңір "сары" аймақта) басқа өңірлер "қызыл" аймақта.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов эпиджағдай нашарлануына той жасап, қонаққа барып жүргендер кінәлі екенін айтқан болатын.
Показать комментарии
Читайте также