20 марта 2020 10:57

Қазақстанда маска тапшылығы қашан жойылатыны айтылды

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Тұрар Қазанғапов

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда маска тапшылығы қашан жойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда маска тапшылығы қашан жойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табады.

Реклама
Реклама

"Медициналық маска мәселесіне келсек, бұл үкіметтің тұрақты бақылауында тұрған жұмыс. Бүгін Қазақстанда күніне 365 мың маска шығарылады. Алдағы мақсат - оны күніне 1 миллион данаға жеткізу", - деді премьер-министрдің орынбасары үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сонымен қатар, Тоғжанов бүгінгі әлемдік экономикалық жағдай барша мемлекет үшін үлкен сын сағаты болып отырғанын айтты.

"Әр адам өтетін бабаларымыздан қалған үш сынақ қағидасы бар - бақ сынағы, қиыншылық сынағы, өлім сынағы деген. Бүгінгі жағдай адам баласына ғана емес, мемлекетімізге, тәуелсіздігімізге түскен сынақ болып отыр. Ұлтымыз өз тарихында бұл сияқты сынақтардан қаншама рет ауызбіршілігінің арқасында өткен, адамгершілігінің арқасында  халық болып жабыла көтерген. Біз, бүгінгі ұрпақ та, бірлесе отырып, жұмыла көтеріп, ортақ шешімдеріміздің арқасында барлық мәселені еңсереміз деп сенемін", - деді ол.

Осыған дейін Ералы Тоғжанов коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде қандай шектеулер енгізілгенін айтқан.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. 

Сондай-ақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram