ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мая 2020 | 10:25
Қазақстанда шаруашылыққа жер алған 270 шаруа жұмыс атқармаған - министр
Қазақстанда 4 миллион гектар егістік жер кәдеге жаратылмаған. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 4 миллион гектар егістік жер кәдеге жаратылмаған. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығына тиесілі мал саны артқан. Тек жұмыртқаға деген сыртқы нарықтағы сұраныс төмендеген соң өндіріс 6 пайыз қысқарған.
"Осы жылдың төрт айы бойынша ауыл шаруашылығы малдарының өсімінің оң динамикасы байқалады: ірі қара мал 4,1 пайызға, қой мен ешкі 2,7 пайызға, жылқылар 7,6 пайызға көбейді. Ет көлемінің өндірісі 3,6 пайызға өсіп, 314 мың тонна болды, сондай-ақ, сүт өндірісі 3,2 пайызға артып, 1,5 миллион тонна болды. Жұмыртқа өндірісі сыртқы нарықта сұраныстың төмендеуі салдарынан 6 пайыз (1,6 миллиард дана) азайып отыр", - деді ол.
Сондай-ақ, Сапархан Омаровтың айтуынша, 4 миллион гектар егістік жер кәдеге жаратылмай, 270 шаруашылықтың малмен айналыспайтыны белгілі болған.
"Министрлік негізгі егін салатын өңірлерге анализ жасап, жалпы 4 миллион гектар егістік алқабы бар 270 шаруашылық мал шаруашылығымен айналыспайтынын анықтады. Бұл әлеуетті пайдалану қажет, себебі олардың мал шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру кезінде азық өндіру тәжірибесі бар. Әкімдіктерге жыл бойына жұмыскерлерді жұмыспен қамту үшін оларды мал шаруашылығы секторына тарту бойынша жұмыстарды жүргізу керек", - деді министр.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстары және мал шаруашылығы мәселелері талқыланды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также